Сақтандырылдым деп ойлап, емхана табалдырығында тосылғандар аз емес. Кейбір азаматтар МӘМС жүйесіне қате төлем жасап, нәтижесінде мәртебесіз қалып қояды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы мәртебеге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар мен туындайтын жағдайларды түсіндіріп берді.
«МӘМС» туралы заңға сәйкес, сақтандырылған мәртебесі өткен немесе алдағы 12 айға төлем жасаған азаматқа беріледі. Соңғысын көбіне осы күнге дейін жүйеге бір де бір рет төлем жасамаған дербес төлеушілер аударады.
«Дербес төлеушілер алдағы бір жылға төлем жасағанда көп қате жібереді. Кейбір азаматтар 12 айдікін бір айға төлеп қояды, жылын дұрыс таңдамайды немесе осы айдан жыл соңына дейін ғана төлеп, сақтандырылған мәртебесін ала алмадым деп хабарласады. Негізі айы мен жылын дұрыс көрсетіп, 1 жылға жеке-жеке төлеу қажет. Ал басқа мерзімге шатасып төлеп қойса, ақшаны қайтарып ала алады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, түбіртектерін бірге тапсыруы керек», – дейді Қордың ресми өкілі Забира Оразалиева.
Тағы ескеретін жайт, егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, келесі айдан бастап төлем жасаған абзал. Яғни, 2025 жылдың қыркүйек айынан 2026 жылдың тамыз айына дейін төлеп, бір жыл бойы МӘМС аясында емделуге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, халықтың экономикалық белсенді бөлігі МӘМС үшін төлем жасайды және оның айтарлықтай үлесін жұмыс берушілер мен қызметкерлер құрайды. Осы жерде ескере кететін жайт, жұмыс беруші бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңінде (мысалы, мұғалімдер) кірісті есептеу кезінде аударымдар мен жарналарды демалыс күндерінің санына тепе-тең есептелген кезеңдер бойынша бөле отырып, бір төлеммен жүргізу қажет. Ал жұмыскер ұзақ мерзімді курсқа кетсе немесе көп уақыт ауырған жағдайда сақтандыру мәртебесін жоғалтпау мақсатында сол айға дербес төлеуші ретінде (АЕК-тің 5%-ы, яғни 4 250 теңге) өздігінен төлеуі керек.
«Сонымен бірге, 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне қатысудың тұрақтылығын арттыру мақсатында маңызды норма енгізілмек. Бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген адам қандай да бір себеппен төлем жасай алмаса, оның мәртебесі бұрынғы 3 айдың орнына 6 айға дейін сақталады, ал МӘМС жүйесіне 5 жылдан кем қатысқан жағдайда, сақтандыру мәртебесі сол 3 айдан аспайды», - деді Оразалиева.
Бұл өзгеріс тұрақты түрде жүйеге қатысып келген, бірақ уақытша қиындыққа тап болған азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, егер қосымша сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Сонымен бірге, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары арқылы өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
- msqory.kz ресми сайты,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Telegramдағы SaqtandyryBot.

13.08.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026